Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу мекемесіндегі тәртіп

20.11.2020, 11:00 466

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы ЗК-169/1 тергеу мекемесіндегі тәртіп тым қатты. Әсіресе, РжКБ-нің қызметкерлерінің тегеурінді жұмысы, бүкіл мекеме жұмысының айнасы десе де болады. Бөлім бастығы, әділет капитаны Смағұлов Мұрат Айтуғанұлы тәжірибиесі мол, білікті маман. 2004 жылдан бері осы саланың қыр-сырын жетік танып, жұмысын оңтайлы ұйымдастыруды меңгерген қызметкер. Негізгі міндеттерінің бірі – сотталғандар мен тергеу қамағындағылар тарапынан режим тәртібінің бұзылмауына байланысты профилактикалық іс-шараларды дайындау. Осы орайда, арнайы контигент арасында жаппай тәртіпсіздікті болдырмаудың алдын алу немесе болған жағдайда жолын кесу,жеке қорғану және оқыс жағдайдағы қызметкерлердің әрекетін білу мақсатында оқу-жаттығу жұмысын өткізу іс-шарасына жауапты екендігін де айта кеткеніміз жөн. Жуырда, Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жеке құрамның жауынгерлік дайындығын пысықтаған іс-шара өтті. Жаттығу барысында дабыл бойынша жеке құрам,жылдам жинақталып,мақсаты мен міндеті түсіндірілген соң, жиылғандарды бес топқа бөліп,қызметкерлердің шұғыл әрекет ету дайындығы пысықталды. Тосқауыл тобы арнайы құралдармен жасақталып, әрекет барысында оларды орынды қолдана білу керек екендігі ескертілді. Шара соңында оқу-жаттығу жұмысына талдау жасалынып, қызметкерлер мен жабдықтардың дайындығы жақсы деп бағаланды.

Сонымен қатар, бөлім басшысы ретінде, ішкі күн тәртібін қамтамасыз ету барысындағы мекеменің барлық бөліністерінің жұмыстарын ұйымдастырады. Ішкі тәртіп ережесі және мекемеде ұсталатын адамдарды күзету мен қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жұмыстардың орындалуын қадағалап отырады. Сотталғандар мен айыпталушылардың сақтауға және пайдалануына тыйым салынған заттарды анықтау, тәркілеу жұмыстарын жүргізу барысына да жауапты. Бұл жұмыстардың нәтежиесі де мол. Мұрат Айтуғанұлы осындай ерен еңбегі мен ҚАЖ саласындағы 17 жылдық еңбек өтілі барысында «Мінсіз қызметі үшін» және «Қылмыстық атқару жүйесінің үздігі» деген медальдарымен наградталған..

Орынбасары әділет капитаны Досанов Мақсат кестеге сәйкес тінту жұмыстарын ұйымдастырып, тәртіп бұзушыларды жеке қабылдап, қажетті жұмыстар жүргізу, кіріс-шығыс құжаттарын уақтылы орындауға жауапты болып тағайындалған. Орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына күнделікті жүргізілген тінтулерді, сотталғандармен жүргізілген сұхбаттарды, сәлем-сауқаттарды енгізуіне де жауапты. Әрдайым төңірегіне сақтықпен қарап, қырағылық танытып жүретін Мақсат, бірде мекеме периметірінің сыртқы аумағын аралау барысында, 2 дана сырты скочпен оралған қатты заттың жатқандығын байқады. Әр іске ұқыптылықпен қарайтын қызметкер, нұсқаулыққа сәйкес, алдымен мекеменің кезекшісіне табылған күдікті зат бойынша бірден баяндады. Одан соң, кезекшілер 102 нөмеріне хабарласып, Қызылорда ҚПБ жедел тергеу тобын шақырды. Жедел келген жедел тергеу тобы, зат табылған жерді қоршап, куәгердің көзінше ашып тексерді. Тексеру барысында алғашқы орамадан, 5 дана ұялы телефон тәркіленді. Ал, екінші орамадағы заттан,газет парағының сыртынан түссіз жапсырмалы жолақпен оралып желімделген ораманың ішіндегі қанық жасыл түсті зат бар екені анықталды. Зерттеу нәтежиесінде, айғақ зат ретінде алынған түссіз пластмасс ыдыстың (шприцтің) ішіне салынған қоңыр және қою жасыл түсті өсімдік тектес кептірілген марихуанна мен темекі қоспасы болып шықты. Анықталған дерек бойынша іс қозғалып, мекеменің жедел іздестіру қызметкерлеріне тапсырылған болатын.

РжКБ-нің ең жауапты мамандарының бірі, инжинерлік-техникалық күзет қызмет тобының аға инжинері, әділет аға лейтенанты – Асхат Бердібек. Ол күнделікті ИТКК-ның жағдайын қадағалап, бейнебақылау, ұялы телефон жұмысын шектейтін қондырғылар, телефон байланысының радиожелілерінің дұрыс жұмыс істеуіне жауапты. Инжинерлік-техникалық күзет құралдарының, дабыл қондырғыларының жедел қолданылуына және тиімді пайдаланылуына жетекшілік жасайды. Яғни, мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін видиобақылаулардың істен шықпай, 24 сағат бойы дұрыс жұмыс істеп тұруы осы аға инжинердің тынымсыз еңбегінің нәтежиесінен екені анық. Асқат – жұмыста мінсіз маман болса, отбасында үш ұлды тәрбиелеп отырған қамқор әке. Еліміздің демографиялық дамуына ерекше үлес қосып келе жатқан егіз ұлы бар, елжанды азамат.

Режим бөлімінің Өрт күзеті инспекторы, әділет лейтенанты, Алмадинов Айдос та, өз жұмысына аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарайды. Әсіресе, оқшауланған аймақта өртке қарсы талаптардың орындалуына аса назар аударып, қауіпті қондырғылардың пайдаланылуына тыйым салып, өрт шығу қаупінің алдын алуына жауапты. Мекемедегі өрт қауіпсіздігін қадағалап, жіті назарда ұстауының нәтежиесінде, ЗК-169/1 тергеу изоляторы бойынша, осы уақытқа дейін өрт шығу фактісі болған жоқ. Қызметінен бөлек әділет лейтенантының, спортта да, ауыз толтырып айтарлық жетістіктері бар. ҚАЖ қызметкерлері арасындағы қоян-қолтық күрес, спорт түрі бойынша, республикалық, облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жеңіске жетіп, 32 медаль иеленген. ҚР-ның спорт шебері атанған.

Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып келе жатқан бұл бөлімдегі жас қызметкер, әділет кіші сержанты – Яхияев Ерболат. Ол сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесінде, бақылаушы болып жұмыс жасайды. Осы қызметіне 2019 жылы кіріскен жас маман, қамауда жатқан жазасын өтеушілерге, туыстары тарапынан келген сәлем-сауқат арасында мекеме аумағына өтуге тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуін қадағалау болып табылады. Жұмысының үлкен жауапкершілігін сезініп, тыңғылықты орындап жүрген қызметкеррдің қырағылығының нәтежиесінде, жуырда ғана бір күн ішінде ішке алып өтуге тыйым салынған екі оқиға анықталды. Нақтырақ айтар болсақ, сәлем-сауқаттарды тексеру барысында, газет арасынан скочьпен жапсырған 2 үлпіршек қалтадан насыбай тапты. Тыйым салынған затты алып өтпекші болған, күйеуіне сәлем-сауқат әкелген 1989 жылы туған А. есімді азаматша болатын. Ал екінші азаматша, ағасына бауырсақтың ішіне қалта телефоны мен қуаттағышын жасырып өткізбекші болу арқылы қитұрқы амалын іске асырмақшы болған жерінде ұсталды. Екі құқық бұзушы да, өз кінәларын мойындап, түсініктеме берді. Келесі бір азаматтың әкелген ыстық тамақ ішінен, скочпен оралған екі сим карта мен қуаттағышы бар ұялы SAMSUNG телефонын тапты. Бұл азамат бұрын істі болған және бұл мекеменің ішкі қатаң тәртібін біле тұра, осындай заңсыз әрекетке барған.

Бөлім бастығы, әділет капитаны М.Смағұловтың айтуы бойынша, Ерболат кейде күніне 50-60-тай сәлем-сауқаттарды қабылдайды. Және бар тінтулерін мұқияттылық пен тиянақты атқарып келеді. Қызметкеріміздің бұл салада еңбек еткеніне аз ғана уақыт болса да, бойында, заңсыз әрекетке барады-ау, дегендердің сыртқы портретін бірден байқай алатын қабілеті де қалыптасып келе жатыр. Біз жас қызметкеріміздің тәжірибие жинай келе ҚАЖ саласының тәлімді маманы болатынына сенім артамыз дейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: