Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандарға көмектесемін деп…

07.12.2021, 16:00 239

HALYQLINE.KZ 07.12.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлеріне жедел ақпарат түседі. Таңғы 07:00 шамасында мекеме қоршауынан сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған затты сырттан лақтыру барысында қала тұрғыны мекеме қызметкерлерімен құрықталады

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Ұсталған азаматтан 4 дана нығыздалып оралған «өзіне тән хош иісі бар шөп тектес» заты, ұялы телефонның батарейкасы және «трамадол» дәрісіне ұқсас зат тәркіленеді. Тәркіленген заттар бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: