Пробация қызметінің есебінде тұрған азамат сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы және мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін оған бірнеше рет жазбаша ескерту берілгеніне қарамастан, ол өз міндеттерін орындамаған. Осыған байланысты пробация қызметі сотталғанға тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынымды сотқа жолдады.
Сот қаулысымен азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 1 жыл 11 ай 19 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.
Фото: zanmedia.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!