Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар арасында тимбилдинг өтті

12.05.2022, 17:00 453

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЗК-169/4 мекемесінде тәрбие бөлімінің және «Pro bono» қоғамдық қоры, «Красивое сердце» жеке қорының ұйымдастыруымен тимбилдинг өтті.

Іс-шара барысында сотталған азаматтар екі топқа бөлініп валейбол ойнады. Одан соң топтық қызықты ойындар ойнатылды. Олар команда болып сурет салып, суреттері бойынша түсіндірме берді.

«Бүгінгі шараның мақсаты – сотталғандардың ұйымшылдығын жоғарылату, командалық рухты көтеру және сотталғандардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс істеуге ынталандыру.

Тимбилдинг қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Жазасын өтеушілер топтық қызықты ойындарға қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, сотталған азаматтардың бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді», – деді жасақ бастығы әділет капитаны Сұлтан Айғара.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: