Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шымкентте жұмысшыларға 754 млн теңге жалақы берешегі қайтарылды

19.08.2026, 9:30 25

Шымкентте еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген тексерулер нәтижесінде жұмысшыларға 754,3 млн теңге көлеміндегі жалақы берешегі өтелді. Құқығы бұзылған 2824 қызметкердің мәселесі шешілген.

Қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясына биылғы алғашқы алты айда еңбек құқықтарының сақталуына қатысты 1829 өтініш түскен. Қабылданған шаралар арқылы тағы 665 жұмысшының құқығы қалпына келтірілді.

— Алты айда 238 тексеру жүргізіліп, еңбек заңнамасын бұзудың 226 фактісі анықталды, — делінген ресми хабарламада.

Жазғы демалыс кезінде жұмыс істейтін жасөспірімдердің еңбек құқықтарын қорғау да бақылауға алынған. Полиция қызметкерлерімен бірге жүргізілген рейдтер барысында 72 кәсіпкерлік нысан тексеріліп, кәмелетке толмағандардың құқығын бұзудың 8 дерегі тіркелді.

Фото: Halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: