Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелілік азамат жалған құжат беріп, 6 адамды алдаған

25.08.2020, 16:02 425

2019-2020 жылдар аралығында белгісіз азамат медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын аяқтағандығы туралы жалған сертификаттарды тұрғындарға ұсынған.

Осындай желеумен оңай олжаға кенелгісі келген алаяқ өңірдің 6 тұрғынынан ақша алған. Жәбірленушілерге 200 мың шамасында материалдық залал  келтірілді.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында көп ұзамай Шиелі ауданының 36 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына сәйкес (бірнеше рет жасалған алаяқтық)   сотқа дейінгі тергеп –тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: