Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенат Назарбаевты тағы бір мәртебесінен айыратын заңды мақұлдады

29.06.2023, 14:32 116

HALYQLINE.KZ

Сенат Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Назарбаев қорына қатысты заңды өзгертпекші.  Бұл туралы kyzylordatoday хабарлайды.


29 маусымда Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Жобаны жүзеге асыру үшін «Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы» заңдарға өзгеріс енгізу қажет екен.

«Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілетін айқындау бойынша түзетулер көзделген», – делінген хабарламада.

Заңның қазіргі редакциясында аталмыш білім беру мекемелері мен қордың Жоғарғы Қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев. Егер өзгеріс қабылданса, қамқоршылық кеңесті президент немесе ол тағайындаған адам басқарады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: