Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рақымшылықпен 1344 адам жазадан босатылды

05.08.2026, 15:20 60

Қазақстанда рақымшылық аясында 1344 адам жазасын өтеуден босатылды, деп хабарлайды halyqline.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген 620 адам бостандыққа шыққан. Олар енді әкімшілік қадағалауда болады. Пробация есебінде тұрған тағы 724 адам жазасын одан әрі өтеуден босатылды.

Сонымен бірге 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылған.

Қазір соттарға рақымшылыққа қатысты 10 мыңнан астам ұсыныс жолданды. Оның 4400-ге жуығын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, 6900-ден астамын пробация қызметтері дайындаған.

«Қылмыстық рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды. Әрбір сотталған бойынша материалдар жеке қаралып, түпкілікті шешімді тек сот қабылдайды», деді ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: