Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлердің аналары төсбелгімен марапатталды

03.12.2021, 10:45 629

HALYQLINE.KZ «Офицердің анасы». Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының қызметкерлерінің аналарына осындай төсбелгі табысталды. Бұл марапатқа алғаш рет 70 қызметкердің анасы ие болды.

Жауаптылар сөзінше басталған игі шараның бұл соңы емес. Алдағы айтулы мерекелердің бірінде офицерлердің әкелері де марапатталуы мүмкін.

Қызылордалық Шотаева Сара анамыздың қуанышында да шек жоқ. Себебі, еліміздің ең айтулы мерекесі қарсаңында оны Полиция басқармасында қызмет ететін ұлының әріптестері құттықтауға келді. Және тек ыстық ықыласын білдірмей, арнайы төсбелгі де табыстады. «Офицердің анасы» медалін алған тұрғын бұл мерекенің ерекше есте қалатынын айтады.

Біршама аналарды, үйіне құттықтап барған қызметкерлер, олардың аналық қуанышын , ұлының жұмысының жемісімен мақтанған ата-аналарды көрді.

Аталмыш шара жалғасын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ғимаратында басқарма бастығы Жаназаров Әбдібек Сламбекұлының қатысуымен өз жалғасын тапты.

Кунтажиева Гулбаршын, «Офицердің анасы» төсбелгісінің иесі: «Өте қуаныштымын. Өте бақыттымын. Қызымның осындай жетістіктерге жетіп, басқарма тарапынан марапатталып жатқаны мені үлкен қуанышқа бөледі. Қызымның осындай дәрежеге жетіп, анасын құттықтап, төсбелгі беріп, алғыс хат беріп құттықтап жатқан менің балама да мыңда бір алғыс айтамын».

Дәл осындай төсбелгі 70 анаға табысталды. Олардың барлығының да балалары Қызылорда қалалық Полиция басқармасында жұмыс істейді. Айта кетейік, мұндай марапат басқармада бұрын-соңды берілмеген.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Жаназаров Әбдібек Сламбекұлының: «Басқармада қызмет атқарып жатқан қызметкерлердің жұмыс барысындағы адал еңбектері және де жұмыс барысында жетіп жатқан жетістіктерін негізге ала отырып, мекеменің басшылық құрамамымен зерделеп әрбір қызметкердің жұмысына баға бере отырып, қызметкерлердің аналарын естен шығармай мейрам қарсаңында құттықтауды жөн көрдік» деп сөз сөйледі.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: