Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер Тәжікстан Республикасының азаматына көмек көрсетті

07.12.2021, 14:45 254

HALYQLINE.KZ Күн райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жүргізу жұмыстарын күшейтуде.

Мәселен, түнгі сағат 01:30 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында «Самара-Шымкент» тас жолының 1579/687 шақырымының Елшібай елді мекені тұсында жолдың тайғақ болу салдарынан жүк көлігі аударылып қалған.

Литва Республикасынан Тәжікстан Республикасына қарай бағыт алған Тәжікстан Республикасының азаматы өз басқаруындағы «Mercedes-Benz Astors-1836 LNRA/M» маркалы жүк көлігінің басқару жүйесіне ие бола алмай, жолдың сол жақ бөлігіне қарай аударылған.

Оқиға болған жерге шұғыл түрде Қызылорда облысы Полиция департаментінің ЖПҚБ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері барды. Олар оқиға орнына арнайы техника (кран) апарып, автокөлікті қайта тұрғызуға көмектесті.

Өз кезегінде Тәжікстан Республикасының азаматы қызылордалық полицейлерге алғыс айтты.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: