Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер шетел азаматтарына көмек көрсетті

04.09.2026, 9:40 33

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысында полицейлер шетел азаматтарына көмек көрсетті, деп хабарлайды polisia.kz.

Кез келген жағдайда шұғыл әрі кәсіби шешім қабылдау — тәртіп сақшыларының басты қағидаларының бірі. Полиция қызметкерлері халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолында тәулік бойы қажырлы еңбек етіп, қиын сәтте көмекке мұқтаж әр азаматқа қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Олардың басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайтып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың сенімін ақтау.

Күні кеше Қызылорда облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторлары Қожахмет Әкбар және Бекзат Өмірзақов қызмет атқару барысында ерекше жағдайға тап болды.

Қызметтік міндеттерін атқарып жүрген тәртіп сақшылары Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесінің бойында шетел азаматтарын кездестіреді. Қытай Халық Республикасынан Португалияға жол тартқан азаматтар ұзақ сапардан қатты шаршағандарын айтып, көмекке мұқтаж екендіктерін білдірген.

Патрульдік полиция қызметкерлері азаматтардың өтінішіне бейжай қарамай, олардың жағдайын түсініп, қажетті көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары шетел азаматтарының қауіпсіздігіне көз жеткізіп, демалып, тынығып алуы үшін қонақүйге орналасуына ықпал етті.

Полиция қызметкерлерінің бұл әрекеті – олардың кәсіби міндетіне адалдығының ғана емес, адамгершілік қасиетінің де айқын көрінісі. Қай елден келгеніне қарамастан қиын жағдайға тап болған кез келген адамға қолдау көрсету – азаматтық жауапкершіліктің маңызды үлгісі. Қарапайым әрі ізгі әрекеті үшін қызметкерлер шетел азаматтарының алғысына ие болды.

Бұл оқиға – полиция қызметінің тек құқықбұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен шектелмейтінін көрсетеді. Адамға қол ұшын созу, қиын сәтте қолдау көрсету, қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тәртіп сақшысының кәсіби борышымен қатар, адамдық парызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: