Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада заңсыз ақбөкен аулаған облыс тұрғындары ұсталды

26.01.2022, 11:00 429

 HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» ӨБ РМҚК қызметкерлерімен бірлесіп, 23 қаңтар күні рейд барысында Тапа елді мекенінен 20 шақырым далалық жерде «ИЖ-Планета» мотокөлігін тоқтатқан. 

Тексеру барысында мотокөліктің жүк салғышынан 1 бас ақбөкен аңына ұқсас жануардың денесі және 1 ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығы, 3 дана патрон айғақ зат ретінде тәркіленді. Күдікті ретінде екі азамат ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментініңбаспасөз қызметі   

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: