Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада қандай құқықбұзушылықтар жиі тіркелгені белгілі болды

15.10.2026, 9:15 52

Қызылорда облысында апта көлеміндегі рейд нәтижесінде 5 мыңнан астам құқықбұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті оның басым бөлігі, яғни 1107-сі белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру, 694-і жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі талаптарын сақтамау деректері екенін атап өтті.

— Маневр жасау қағидаларын бұзудың 265, көлік құралын масаң күйде басқарудың 20, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзудың 167 жағдайы анықталды. Сондай-ақ көлік құралын басқаруға қажет құжаты жоқ немесе басқару құқығына қатысты талаптарды бұзған жүргізушілерге байланысты 228 дерек есепке алынды, — делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары тазалық талаптарын бұзудың 270 дерегіне тосқауыл қойды. Оның 30-ы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 2-бөлігімен, қалғанына қатысты кодекстің 505-бабымен 240 хаттама рәсімделді.


Фото: Polisia.kz.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: