Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елді мекендерді газдандыру жұмыстары тұрақты бақылауда

26.11.2026, 0:35 18

Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Шіркейлі және Қоғалыкөл елді мекендерінде газдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Шіркейлі ауылын газдандыру жобасының құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Аталған жобаға 2026 жылы республикалық бюджеттен бастауға 400 млн теңге қарастырылған. «Орда-Құрылыс» ЖШС тарапынан газ құбырларын тарту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарына 40 жұмысшы мен 9 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Газ құбырының жалпы ұзындығы 47,54 шақырым. Бүгінгі таңда жалпы 31,3 шақырым газ құбыры тартылды, оның 14,8 шақырымы орташа қысымды, 16,5 шақырымы төмен қысымды газ құбырын құрайды.

Ал, Қоғалыкөл ауылын газдандыру жобасының жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асыру үшін 2026 жылы республикалық бюджеттен бастауға 320 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Орда-Құрылыс» ЖШС жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына 21 жұмысшы және 4 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Газ құбырының жалпы ұзындығы 40,2 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда жалпы 28,5 шақырым газ құбыры тартылды. Атап айтқанда, орташа қысымды газ құбырының 11,3 шақырымы, төмен қысымды газ құбырының 17,2 шақырым.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, мердігер мекеме өкілдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, құрылыс сапасына назар аудара отырып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау және жұмыс күштері мен арнайы техниканы тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: