Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада көліктен ноутбук ұрлаған азамат қамауға алынды

23.05.2023, 11:15 234

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел уәкілдері көліктен ноутбук ұрлаған 51 жастағы бұрын сотты болған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 21 мамыр күні сағат 04:30 шамасында болған. Lada priora автокөлігінің ашық тұрғанын пайдаланған күдікті Toshiba маркалы ноутбукті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 250 мың теңгені құрады. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап қылмысты ашуға бағытталған қажетті шараларды полицейлер жүзеге асырды. Күдікті ұрлаған затты сатып, ақшасын бас пайдасына жаратқан.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ұрлық қылмысына күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: