Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Алаяқтық қылмыс 54,4 пайызға азайды

01.04.2022, 10:30 534

HALYQLINE.KZ Жыл басынан бері облыста алаяқтық қылмысқа қатысты 139 іс тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 54,5 пайызға аз. Ал интернет-алаяқтық қылмысы 68,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаментінің тергеу жөніндегі басқарма бастығы Нұрсұлтан Әлтай хабарлады.

– Биыл алаяқтыққа байланысты 13 қылмыстық іс сотқа жолданды. Сондай-ақ, қаржы пирамидасын құрудың 1 фактісі анықталды. Қазіргі таңда бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Жыл көлемінде тұрғындар арасында алаяқтықтың құрбаны болмау үшін профилактикалық шаралар жүргізіледі. Көбінесе алаяқтар адамдарға қоңырау шалып немесе «Whatsapp» желісі арқылы жеңіл ақша ұсынады. Сондықтан таныс емес адамнан осы секілді ұсыныстар түссе жіті тексеруді немесе полиция қызметкерлеріне хабарласуды сұраймыз. Жеке куәлік пен есеп-шоттарыңыздың сандарын бөтен адамға жіберуде абай болыңыздар, – деді Нұрсұлтан Ерланұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: