Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 27 сотталушы рақымшылыққа ілікті

14.01.2022, 15:15 191

HALYQLINE.KZ Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Рақымшылық» туралы заң қолданысқа енді. Жаңа заңға сәйкес Қызылорда облысындағы ЗК-169/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Тасболат Қалымбетов 27 сотталушының рақымшылыққа ілінгенін айтты.

«Бүгінгі күні ЗК-169/5 мекемесінен 27 сотталушы рақымшылық заңының талаптарына сәйкестендеріледі. Оның ішінде, 4 сотталған жаза өтеуден толық босатылса, өзгелерінің жаза мерзімдері қысқартылады. Негізінен Рақымшылық заңы 6 ай көлемінде жүргізіледі. Осы уақыт аралығында мекемеге жаңадан әкелінген барлық сотталғандардың жеке істері зерделеуден өткізіледі. Жалпы, жазаны ізгілендірудегі заң шығарушы органның мақсаты сотталушының қоғамнан өз орнын табуына ықпал жасау. Әрбір сотталушы айналасынан теперіш көрмей еңсесін тіктеуіне мүмкіндік болса дейміз. Және осы арқылы рақымшылық жасауға жатпайтын адамдардың яғни адам өлтірушілердің, террористердің, адам зорлаушылардың, педофилдердің, аса ірі көлемде мемлекет қаражатын ұрлағандардың түрмедегі материалдық жағдайы жақсарады», – дейді Тасболат Қалымбетов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: