Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құқықбұзушылыққа қарсы рейдтік іс-шаралар жалғасуда

08.02.2021, 14:45 551

HALYQLINE.KZ 2021 жылдың ақпан айының 5 күні Қызылорда қаласы, Өсербаев көшесі бойында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің полиция қызметкерлері, қалалық прокуратура, әкімшілік және кірістер басқармасының қызметкерлері және де облыстық телеарналармен бірлескен рейд өткізілді.

Іс-шара барысында аталған аумақта орналасқан 6 көпқабатты үйлердегі жалға берілетін пәтерлер тексерумен қамтылды.

Тексеру барысында, тәулікке жалға берілетін 15 пәтер анықталып, онда жалға алушы азаматтардың жеке бастарын анықтап, пәтерде түн тыныштығын бұзбауға, жекеленген қоғамдық орындарда ластаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы ескертілді.

Сонымен қатар, аталған аумақта орналасқан 18 пәтер агенттігі араланып, пәтер берушіге жалға алушы азаматтардың тізімін тіркейтін журнал арнап, шетел азаматы келген жағдайда учаскелік полиция инспекторларына ескертуге, кәмелетке толмаған азаматтарға пәтер бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Тыныштықты бұзу, жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу) 6 азамат полиция пунктіне жеткізілді, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу ) 3 азамат Қызылорда облыстық наркологиялық орталығына жеткізілді. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұл бағытта атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар күнделікті талданып, тиісті шаралар қабылданып отыр.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз кызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: