Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қонақ қойдан жуас болмай шықты

10.06.2021, 17:40 438

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 09 маусым күні қала орталығының тұрғыны арызданған. Арызда ол қонаққа келген танысы сол күні шкаф ішінде тұрған 352 мың теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ол ҚПБ-на жеткізіліп, «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: