Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыдағы күдіктілер бас бостандығынан айрылуы мүмкін

11.04.2023, 10:51 333

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жасөспірімдер арасында төбелеске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» брифингінде айтылды.

Белгілі болғаны Қазалы аудандық полиция бөлімінің  басшысы Болат Қазиев жалған ақпарат бергені мен жедел іс-әрекет жасамағаны үшін қызметінен босатылды.

Күдікті жасөспірімдердің қылмысы анықталған жағдайда 5 пен 8 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Шәмшеддин Амитовтың айтуынша, бұзақылық жасаған 3 жасөспірім уақытша ұстау изоляторында. Кәмелет жасына толмаған оқушылардың ата-анасына тиісті жаза тағайындалады.

Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет зардап шеккен оқушының жағдайын білу мақсатында ауруханаға барған. «Баланың денсаулығы бірқалыпты, ем қабылдап жатыр. Ата-анасымен де сөйлестім», – деді.

Әкімшілік қадағалауды өз деңгейінде үйлестірмеген және кемшіліктерге жол берген Қазалы ауданындағы №70 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары жұмыстан босатылып, директорларына қатаң шара қолданылатын болды. Аудандық білім бөлімінің басшына қатаң сөгіс беріліп, басқа да жауапты мамандардың жауапкершілігі қаралатын болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов соққыға жығылған мектеп оқушысының өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтты. Теіржол ауруханасына ауысқаннан бері де, оған дейін дәрігерлердің қатақ бақылауында болған.

halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: