Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаза тапқан полицейлердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі

10.01.2022, 16:25 194

HALYQLINE.KZ Елде жаппай тәртіпсіздік кезінде күштік құрылымдардың қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Сондай-ақ Үкіметтің төтенше резервінен ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның арнайы бөлімшелерін жарақтандыруға қажетті қаражат бөлінді.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің міндетін атқарушы:

– Қазақстан бұрын болмаған деструктивті күштердің аггрессиясына тап болды. Ең үлкен мегаполис Алматы мен көптеген облыс орталықтары көптеген терроршылар мен бандиттердің соққысына ұшырады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың уақытылы және батыл іс-қимылдары арқасында тәртіпсіздік пен заңсыздық таралуын тоқтатып, құқық тәртібін қалпына келтіре алдық. Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру нәтижесінде полиция мен өмірден озды. Біз олардың ерліктерін мақтан тұтамыз. 

Сондай-ақ Тәртіпсіздіктер салдарынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тиісті ақпаратты жинап жатыр.

Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы қойған міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыру қажеттігін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: