Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайын атасы келінін ұрып-соққан

05.02.2024, 11:35 119

HALYQLINE.KZ

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-2-бабының1-1-бөлігі бойынша азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы М. алкогольдік масаң күйде үйінде отбасылық жанжал барысында бірге тұратын келіні Н.-ның шашынан тартып, қолын қайырып, бетінен қолымен ұрып, тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекетiн жасаған. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

Жәбірленуші Н. қайын атасы М.-ның бұндай әрекеттері бірнеше рет қайталанғандықтан, оған кешірім бермейтінін көрсетіп, жауаптылыққа тартуды сұрады.

Сырдария ауданы сотымен құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабының 1-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 (он) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: