Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайтарымсыз грант алып берудің құны – 1 млн 400 мың теңге

19.11.2021, 11:50 716

HALYQLINE.KZ

«Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып беремін» деп, қала тұрғындарын алдаған 23 жастағы азамат ұсталды. Бұл туралы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 102 жедел арнасына қала тұрғындары алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірген. Жәбірленушілердің тәртіп сақшыларына жазған арызы бойынша, 2021 жылдың қазан айында «мемлекет атынан қайтарымсыз грант алып беремін» деп, белгісіз біреу алдап соққан. Осы істі жасап беру үшін жәбірленушілерден 1 миллион 400 мың теңге қаражатын иемденген азаматқа қатысты заңды шара қолдануын сұраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 23 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: