Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пробация» профилактикалық іс-шарасы басталды

16.03.2021, 12:30 559

HALYQLINE.KZ Пробация қызметтерінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында биылғы жылдың 15 наурызынан бастап «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған профилактикалық іс-шараның басты міндеті – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тексеру, олармен тәрбиелік- профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізу, материалдық- тұрмыстық жағдайларын тексеріп, әлеуметтік құқықтық көмек көрсету көлемін және пробация қызметі бақылауынан жалтарып жүрген сотталғандарды анықтау.

«Профилактикалық шара барысында атқарылатын жұмыстардың нұсқамасы бойынша жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп жұмыс кеңесін өткізіп, есепте тұрған азаматтарға бақылауды күшейту мақсатында бірлескен мобильді топ құрылды. Бүгіннен бастап пробация есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты жерімен жұмыс орындары бойынша тексеру жүргізіп, сотта болған азаматтармен және олардың тәрбиесіне оң ықпалын тигізетін туған-туыстарымен профилактикалық әнгіме жүргізіледі. Жедел профилактикалық шараға аудандық прокуратура, жергілікті полиция қызметі мен пробация қызметінің қызметкерлері және күнделікті полиция кешенді күштері тартылады. Іс-шара наурыздың 25-іне дейін жалғасады», – деді Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет майоры Жақсыбек Жүнісов.

Қызылорда облысы бойынша

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: