Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция мамандары жазасын өтеушілердің мекемесіне экскурсия жасады

08.09.2026, 17:10 31

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесіне Қызылорда облысы бойынша Желілік полиция басқармасының қызметкерлері арнайы экскурсиямен келді.

Экскурсия барысында қонақтарға мекеме аумағы, оның ішінде сотталғандар орналасатын жатақханалар, режимдік нысандар мен қызметтік бөлімдердің жұмысы таныстырылды. Мекеменің күнделікті қызметі, ішкі тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туралы толық ақпарат берілді.

Экскурсияны мекеменің режим және күзет бөлімінің бастығы, әділет капитаны Амантаев Шаттық жүргізіп, мекемедегі режим талаптарының сақталуы, күзет қызметінің ұйымдастырылуы және қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік міндеттерді адал орындау, заң талаптарын сақтау және қызметтік әдеп нормаларын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

Мұндай экскурсиялар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуына, қызмет ерекшеліктерімен жақынырақ танысуына және заңдылық пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға мүмкіндік береді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: