Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлер бір күнде 15 жүргізушіге көмектесті

18.11.2021, 10:45 456

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының атына әлеуметтік желілер арқылы облыс жолдарындағы күн райының қолайсыздығына байланысты қиын жағдайға тап болған жүргізушілерден алғыс сөздер келіп түсуде. 17 қарашада Қызылорда облысында ауа райының күрт суытып, қар жауып, жолдарда мұз қатып, тайғақ болуына байланысты, жүргізушілерге полицейлер тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осы күні облыс бойынша 17 жол көлік оқиғасы болып, салдарынан 1 адам дене жарақатын алса, қалған оқиғаларда көлік құралдарына материалдық шығын келтірілген.

Сонымен қатар Республикалық маңызы бар жолдарда жол жағдайына байланысты, көлік жүргізушісі жолдың мұз, тайғақтығынан басқару жүйесіне ие бола алмай жолдан шыққан 15 автокөліктерге патрульдік полиция рота қызметкерлерімен көмек көрсетілді, яғни автокөліктер қайта жолға шығарылды.

«Патрульдік полицейлер осындай жағдайларда қандай әрекет жасау керек екендігін біледі. Көлік құралдары тоқтап қалған жағдайларда эвакуаторды шақыру, қажет болған жағдайда елді мекенге жеткізу, көлік құралының қозғалтқышын жылыту, эвакуациялау жұмыстарын жүргізеді. Біз қызметкерлерімізді кез-келген жағдайларға дайын болуға үйретеміз. Үнемі азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды назардан тыс қалдырмауыз қажет», – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бекторе.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: