Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Пәтер алып беремін» деп…

06.10.2020, 17:30 537

HALYQLINE.KZ  Қызылорда қаласында 33 жастағы азаматша алаяқтың арбауына түсіп, алданды. Қала орталығынан пәтер алып беремін және «Жер комитетіне» жұмысқа тұрғызамын деген алаяқтың сөзіне сенген ол 755 мың теңге көлемінде ақшасын берген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол Қызылорда қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрігізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: