Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Онлайн сауда опындырмасын…

14.07.2021, 18:00 506

HALYQLINE.KZ

Телекоммуникациялық технологиялардың дамуы дүкендердің көбісі сауданың электрондық нұсқасына көшуіне әкелді. Онлайн сауда интернеттің бір бөлшегіне айналды.

Желідегі тауарлар немесе көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берудің артықшылығы қандай? Интернет-технологиялар сатып алушылар үшін де қолайлы: уақыт айтарлықтай үнемделеді, сатып алынған затқа электрондық ақшамен ақы төлеу, үйге жеткізіп беру мүмкіндігі, кең ассортимент, салыстырмалы арзан бағалар. Брендке айналған және сатушылар үшін сенімді ақтайтын белгілі интернет дүкендер бар. Тұтынушы қолда бар ассортиментті жылдам зерделеп, тауардың түрлі көріністегі фотосуретін қарап және оның техникалық сипаттамаларымен таныса алады. Тауарды немесе курьерлік компаниялармен жеткізудің бағасы қолжетімді, жылдам, сапалы және сатып алушы үшін қолайлы.

Сонымен қатар аталған салада кемшіліктер де бар.

Негізгі минус: интернет-дүкенге келуші сайтты пайдаланушы деңгейінде тауарды виртуалды сатып алады. Нақты тауарды көре алмайды, сондай-ақ ол сатылымда бар ма, оның техникалық жай-күйі қандай, мәлімделген сипаттамалар мен фотосурет шындыққа сәйкес келетінін біле алмайды. Интернет пайда болғаннан бастап интернет-алаяқтар сауданың жаңа нысандарын бағаны әлеуетті клиенттерді алдау мақсатында белсене қолдануды бастады. Жалған сатушылар әлеуметтік желіде ойдан алынған сату сайтын ашып, жоқ тауардың фотосуретін қойып жазылушыларды тіркейді. Ең алдымен тауардың өте төмен бағасына назар аудару қажет. Егер баға нарықтық бағадан өзгеше болса, сізге өтімсіз немесе жарамсыз тауарды ұсынуы ықтимал. Басқа интернет-дүкендердегі ұқсас заттың құнын, орташа бағасын біліңіз, бәсекелестік тұтынушы үшін пайдалы болғанымен, бағада өте үлкен айырмашылық болмауы тиіс.

Екіншіден, ресурстың беделі. Әдемі фотосуреттермен безендірілген, сатушылары сенімді деп сендіретін интернет-дүкен экрандағы жай бейне ғана. Қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен мұны кез келген азамат істей алады, бүгінде хостинг қызметтері арзан. Сайттың сыртқы түрі – көрсеткіш емес. Сатып алмас бұрын өзіңіз зерттеу жүргізіңіз. Фирма туралы ақпарат алыңыз: офис, сауда алаңдары және өңірлік өкілдіктері, нақты байланыс деректері, мәмілелердің өз «тарихы» бар ма? Егер интернет-ресурс ұзақ жұмыс істегісі келсе, «Байланыстар» деген бөлімде нақты пошталық мекенжай, бірнеше телефон нөмірі, факс, банк шоттарының деректері, есепке қойылғаны туралы куәлік болады. Мекенжайдың көрсетілуі де сатушының адалдығына кепілдік бермейді. Дүкен іс жүзінде болмауы да мүмкін: кейде алаяқтар жалған мекенжайды көрсетіп, басқа фирмалардың мекенжайын хабарлайды.

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Телефоны: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: