Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзгенің көлігін ұрлап…

26.10.2020, 12:00 426

HALYQLINE.KZ  Қазан айының 24 күні сағат 11:20 шамасында Қызылорда облысы, Қазалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан тұрғыны қоңырау шалып, үйінің алдында тұрған Ваз-2105 автокөлігін белгісіз біреу ұрлап кеткені туралы арызданады.

Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы оқиға орнына барып, тексеру барысында ВАЗ-2105 маркалы автокөлік Әйтеке би кенті тұрғыны үйінің алдынан табылды. Заңсыз іс-әрекет жасаған шартты түрде сотталған 34 жастағы тұрғын анықталып, АПб-не жеткізілген.

Қазіргі таңда болған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: