Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста жасөспірімдер арасындағы қылмыс 45 пайызға төмендеді

31.05.2022, 17:00 92

HALYQLINE.KZ  Биыл облыста 155 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 47 адам қаза тапқан. Ал 196 адам түрлі дене жарақатын алған. Жол көлік оқиғаларының басты себебі – жол ережелерін сақтамаудан болады. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов хабарлады.

– Өңірде жыл басынан бері тіркелген жол көлік оқиғалары былтырғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсті. Осыған сәйкес, мамыр айында «Қауіпсіз жол» және «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы» профилактикалық іс шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілерді жіті тексеру. Жалпы, осы жылы 38 702 жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның 15 892 дерегі тікелей жол-көлік оқиғасына қатысы бар. Сонымен қатар, биылғы жылдың 5 айында кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты 24 қылмыстық іс тіркелді. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда жасөспірімдерге байланысты қылмыс саны 45 пайызға төмендеді. Суға шомылу маусымы кезінде балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін төтенше жағдайлар департаментімен бірге су айдындарында рейд жұмыстары жүргізілуде. Егер белгіленбеген жерде суға шомылып, балаларыңызды қараусыз қалдырған жағдайда ҚР әкімішілік кодекстің 364-бабына сәйкес жауапкершілік қарастырылған, – деді Шамшидин Амитов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: