Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мигрант»: Қызылордада бір күнде 47 құқықбұзушылық анықталды

12.03.2024, 8:40 87

HALYQLINE.KZ

Облыс аумағында өтіп жатқан «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының 1 күнінде 47 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған33 шетелдікке (оның 1-еуі республика аумағынан аластатылды), еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республикасының 13 азаматына әкімшілік шаралар көрілді.

«Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс істеуге келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, жұмысқа рұқсат алып, халықтың ҚР көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс істеткендеріңіз абзал» деп мәлімдейді Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: