Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

М.Ергешбаев: «Елмен етене жұмыс істеу керек»

05.09.2022, 9:30 287

HALYQLINE.KZ Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен арнайы мәжіліс өткізді. Мәжіліске аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, кент және ауылдық округ әкімдері, жергілікті атқарушы органның басшылары қатысты.

Мәжілістің негізгі тақырыбы облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының аудан көлемінде қалыптасқан қылмыстық ахуалы туралы ұсынған тапсырмасын талқылау және қылмыстардың алдын-алу, қоғамдық тәртіпті сақтау болды. Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес Сырдария аудандық полиция бөлімінің 2022 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарының есебін аудандық полиция бөлімінің бастығы Ибраев Нұрлан Мейірғалиұлы баяндады.

– Қазіргі таңда ауданда кейбір санаттағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардан өсім алуда. Нақты айтқанда, мал ұрлығы, жол көлік оқиғасы, алаяқтық, масаң күйде жасалған қылмыстар бойынша біршама өскен. Бұдан бөлек, басқа санаттағы қылмыстармен әкімшілік құқық бұзушылықтардың көрсеткіштері де мәз емес. Елді мекендердегі учаскелік полиция қызметкерлеріде тиісті жүктелген міндеттерін толық атқару қажет. Биылғы жылы жаңа қызметтік көліктер берілді. Тұрғын үй мәселесі толық шешілді. Елмен етене жұмыс істеу қажет, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Ибраев қазіргі таңда барлық учаскелік полиция қызметкерлері қайта тағайындалып, тиісті қызметтік үймен қамтылғанын жеткізді. Сонымен қатар, бекітілген елді мекенде тұруға қатысты тапсырма берілгенін жеткізді. Сонымен қатар, аудан басшысы кент және ауыл әкімдеріне тиісті тапсырмаларын жүктеп, аумақтық негізде әкімдерде жауапты екенін назарларына салды. Мәжіліс қорытындысымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауының «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» бесінші бағдары аясында берілген міндеттер, аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қылмыстылықтың алдын алу бойынша тапсырмалардан туындайтын жүктемелерді атап өтті. Аудан әкімі барлық қылмыстың түрлеріне қарамастан «нөлдік» төзбеушілікті қалыптастыруды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: