Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күшейтілген тәртіпте жұмыс атқарды

18.03.2024, 13:15 118

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының бастығының нұсқауына сәйкес демалыс күндері қызметкерлер күшейтілген тәртіпте рейдтік жұмыстар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, барлығы 1389 құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қозғалысы саласы бойынша – 1267, қоғамдық қауіпсіздік бойынша 122 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Жалпы, бір апталық рейдтік іс-шара барысында 830 хабарлама тіркелді.

Жол қозғалысы – 1267 хаттама толтырылып, 135 автокөлік айып алаңына қойылды. Оның ішінде: алкогольді масаң күйінде – 4, көлік құралын басқару құқығынан айырылған – 36, басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын басқарған 3 құқықбұзушылықтар анықталды.

Қоғамдық қауіпсіздік – 122 хаттама толтырылды, оның ішінде алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатқан 21 дүкен сатушыларына ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабымен шара көрілді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 93 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен 2 бөлігімен іс-шара көрілді.

Қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында «Аулада қабылдау» акциясы “Құқықтық тәртіп” “Мигрант” “Борышкер” іс-шаралары өткізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: