Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көлігін жуған, көңілін суытқан…

06.02.2021, 11:00 581

HALYQLINE.KZ Қызылордалық полицейлер бір тәулікте көлік жуу тұрағында ұрлық жасаған күдікті азаматшаны құрықтады.

Қаңтар айының 24-і күні 41 жастағы қала тұрғыны ҚПБ-на арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, ол кешкілік уақытта қаладағы автокөлік жуу орталықтарының бірінде «Lexus 570» маркалы көлігін тастап кеткен. Белгілі болғандай, көліктегі зат салғыштың ішінде тұрған әмиянынан 137 000 теңгені қолды еткен. Жалпы, әмиянының ішінде 217 000 мың теңге көлемінде қаражаты болған. Жәбірленуші ақшасының көп бөлігінің жоқтығын байқап, дереу Полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласқан.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде «ізін суытпай» күдікті облыс орталығының 1989 жылы туған азаматшасы ұсталды.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта, ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: