Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кальян шегуге тыйым салынған

18.06.2025, 16:45 85

Әрине, бұл қоғамдық орындарға қойылған талап. Соған сай қала әкімдігі жанындағы мобильді топ Қызылорда облыстық полиция департаментімен бірге шаһар аумағында кальян өнімдерін тұтынуға қарсы күрес жүргізуде.

Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мейрамхана және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында болатыны белгілі. Сондықтан мобильді топ күнделікті кешкі және түнгі уақыттарда рейдтер жүргізіп, кальян ұсынатын және пайдаланатын мекемелерді анықтауда. Айта кету керек, бұл норма тұрғындардың денсаулығын қорғау және қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: