Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Интернет-банкингпен ақша жымқырған ұры ұсталды

28.01.2021, 10:20 520

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына зейнеткер, 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.

Арызда көршісі 27 жастағы азамат оның аңғалдығын пайдаланып, алаяқтық жолмен, интернет-банкинг арқылы өзінің есепшотына 304 000 теңге қаражат аударып алғанын көрсеткен.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасы алаяқтардың құрбаны болмас үшін қала тұрғындарынан қырағылық пен мұқияттылықты сақтауды сұрайды!

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: