Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Футболшылар сотталғандармен доп тепті

04.06.2021, 17:00 362

HALYQLINE.KZ Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында футболшыларымыз ЗК-169/5 түрмесіне барып, жазасын өтеушілермен жолдастық кездесу өткізді. Шараның мақсаты – жазасын өтеушілерге қолдау, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, ортаға бейімдеу және саламатты өмір салтын нәсихаттау.

Футболшылар алдымен әңгіме өрбітіп, жарыстарға, чемпионаттағы ойындарға қалай дайындалатынын айтып, спорттың қоғамдағы рөлін жеткізді. Мереке қарсаңында өткен жолдастық кездесу тартысқа толы өтіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

– Бұл кездесу жазасын өтеушілерге қолдау білдіріп, қоғамның бір бөлшегі екенін түсіндіруге арналды. Біз чемпионаттан тыс осындай кездесулерді ұйымдастырып, бірге футбол ойнауға келістік. Байқауымызша, футболшылармен кездесіп, футбол ойнаған оларға қызық, – деді бапкер Жарқынбек Жоламанов.

«ҚАЙСАР» ФК БАСПАСӨЗІ ҚЫЗМЕТІ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: