Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Демалыс орындары қонақтардың қалтасын қарап, тамақ әкелуге тыйым сала алмайды

06.06.2023, 16:49 260

HALYQLINE.KZ

Демалыс орындарының өздері шығарып алған Заңсыз талаптары бар.

Демалыс орындары Қонақтарға өзімімен бірге азық-түлігін (тамағын) әкелуге болмайды деп, болса алып қалып жатады. Адамның заңды жолмен мүлікті иеленуге және оны пайдалануға тыйым салуға құқықтары жоқ. Конституцияның 26-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

ҚР Азаматтық кодесінің 118-бабының 1-бөлігіне сәйкес меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 8-бабына сәйкес тұтынушының тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасуға құқығы бар. Адамды тауар сатып алуға, қызметті тұтынуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 8-бабының екінші абзацына сәйкес Тұтынушыны тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 24-бабының 3) тармақшасына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті.

Бұл дегеніміз Демалыс орны өз қонақтарына заңмен тыйым салынбаған тауарларымен, заттарымен бірге өз аумағына кіруге кедергі жасамау керек.

Сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушының құқықтарын бұзатын және оған қысым жасайтын әрекеттерді жасамауы керек. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 8-1-бабырның 1-тармағына сәйкес сатушы (орындаушы, дайындаушы) тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс. Осы баптың 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу Шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптар болып табылатыны бекітілген.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 28-бабырның 1-1-тармағына сәйкес бір тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды өзге де тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) міндетті түрде сатып алумен байланыстыруға тыйым салынады.

Басқа кәсіпкерлерден сатып алынған тауарларды пайдалануға тыйым салу ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК болып табылады.Кәсіпкерлік кодекстің 16-тарауында жосықсыз бәсекелестік мәселесі қарастырылған.

Кәсіпкерлік кодекстің 177-бабының 2-бөлігінің 6) – 8) тармақшаларына сәйкес мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу) және сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру жосықсыз бәсекелестік әрекетіне жатады.

Кәсіпкерлік кодекстің 183-бабына сәйкес сатушының (өнiм берушiнiң) немесе сатып алушының тауарды өткiзуі (сатып алуы) кезiнде сатушының (өнім берушінің), тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ қосымша талаптарды немесе шарттарды белгiлеу жөнiндегi кез келген әрекеттерi мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу) болып табылады.

Осы Кодекстің 185-бабына сәйкес сатып алушы (өнім беруші) бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы өнім берушіні (сатып алушыны) шарт жасасудан бас тартуға немесе мәні бірдей шарттар бойынша өзге де сатып алушыларға (өнім берушілерге) кемсітушілік шарттар қолдануға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттері сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру болып табылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 163-бабында жосықсыз бәсекелестікке жауапкершілік қарастырылған. Демалыс орындарының қызметкерлері өз аумақтарына кіретін кезде көлікті, қол жүгін тінтіп қарап, адамдардың жеке меншігі болып табылатын азық-түлігін (тамағын) алып қалуына құқықтары жоқ.

Конституцияның 26 – бабының 3 – тармағында соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайтыны бекітілген. Адамның өзін, көлігін, жүктерін тінтіп тексеру өрескел заң бұзушылық болып табылады деп санаймыз.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 791-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басты жете тексеру – құқық бұзышылықтарды анықтау және алдын алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не оның нысанасы болған құжаттарды, заттарды және басқа да нәрселерді табу және алып қою мақсатында адамның денесін және оның киімін мәжбүрлеп зерттеп-қарау.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 14-бабына сәйкес осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте, ешкiмді де … … жеке басын жете тексеруге және жеке тұлғаның заттарын жете тексеруге немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің өзге де шараларын қолдануға болмайды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 17-бабына сәйкес Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi және сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға болмайды.

Сонымен көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен бекітілген нормаларға сәйкес:

Демалыс орындары өздерінің аумағына және өзге де қоғамдық тамақтандыру орындары өздерінің ғимарттарына адамдарға азық-түлік (тамақ) алып кіруге тыйым сала алмайды;

Демалыс орындарының және өзге де қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметкерлері адамдардың (клиенттердің) өздерімен алып келген жеке меншігі болып табылатын азық-түліктерін (тамақтарын) алып қоя алмайды;

Демалыс орындарының қызметкерлері өз аумақтарына кіретін кезде көлікті, қол жүгін, адамды тінтіп, тексеріп қарай алмайды;

Демалыс орындарының және өзге де қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметкерлері адамдарға азық-түліктерін (тамақтарын) пайдалануға тыйым сала алмайды.

Егер демалыс орындары Заңсыз тыйым салып, кедергі етіп жатса ДЕРЕУ полиция шақырып, әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрау керек.

Zan Zangary құқықтық компаниясы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: