Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Автобус жүргізушісі мен жолаушы төбелесті

15.05.2026, 16:20 60

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында автобус жүргізушісі мен жолаушы төбелесіп қалған. Жанжал қоғамдық көліктің жүру бағытына байланысты туындаған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Шахтинск қаласындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлік жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал тіркелген бейнежазбаны анықтаған.

– Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оқиғаның барлық қатысушысы — автобус жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауызша жанжалға қоғамдық көліктің жүру бағытына байланысты туындаған түсініспеушілік себеп болып, соңы төбелеске ұласқан. Аталған факті бойынша жолаушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, өзара құрмет көрсетуге және даулы жағдайларды тек құқықтық аяда шешуге шақырады, — деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.

Фото: BAQ.KZ архиві/Жансая Қамбар

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: