Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атырау полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды

16.04.2026, 9:25 134

HALYQLINE.KZ

Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етуге жатпайды, деп жазады inbusiness.kz.

Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚР ІІМ.

«Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатқан жоспарлы қызметтік тексеріс барысында Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер фактілері анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Белгіленген тәртіппен ол теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Айта кетейік, 13 сәуірде ІІМ тәртіпті өрескел бұзғаны үшін қалалық полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ облыстық департаменттің өзіндік қауіпсіздік және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының басшылары қызметтерінен шеттетілгенін хабарлаған болатын.

Бақтыбек Исаев құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Бірнеше басшылық қызметтерді атқарған, Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы болғанға дейін Маңғыстау облысы ПД бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: