Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Аркан» құрылғысымен 11 169 құқықбұзушылық анықталды

22.06.2021, 10:45 363

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына жалпы саны 19 дана құқықбұзушылықты автоматты түрде анықтайтын сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құрылғылары жұмыс атқаруда.

Құрылғылардың негізгі мақсаты – жол қауіпсіздігін сақтап, жол көлік оқиғасын азайту.

Есепті мерзімде «Аркан» құрылғылармен 11 мың 169 құқықбұзушылық бойынша 114 млн 986 мың теңге айыппұл салынып, оның 86 млн 935 мың теңгесі өндірілді.

Құрылғылардың тиімділігін ескере отырып қаламызда алдағы уақытта құрылғыларды көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қызылорда облысы Полиция департаметінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: