Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алимент өндірудің тиімді жүйесі

16.10.2020, 12:20 302 0

HALYQLINE.KZ

«Алиментті өндіріп алудың тиімді жүйесін құру бойынша 30 қадам» іс-шаралар жоспары бекітілді. Әділет Министрлігі облыс әкімімен және республикалық палатамен бірлесіп алимент өндіру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды іске асыруда. Басты мақсат – борышкерлерді жұмысқа орналастырып, алимент өндіру. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық Әділет департаментінің басшысы Ирина Бәкішева мәлімдеді.

– Облыста 115 борышкер жұмысқа орналастырылды. Былтыр проблемалық алименттер саны 773 болатын. 336-сы берешек қарыздарын өтеді. Енді 470-і қалып тұр. Ал алимент төлеуден жалтарып жүрген 54 борышкер әкімшілік жауапкершілкке тартылып, 25 борышкерге ұсыным берілді. Сондай-ақ, 851 борышкерге ҚР аумағынан шығуына шектеу қойылды,- деді Ирина Жұмабайқызы.

Әділет органдарымен мемлекеттік қызметтің 12 түрі көрсетіледі. Қызмет түрлерінің азаюы бірқатар тіркеу функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілуіне байланысты.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: