Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқтық жолмен 7 миллион теңге тапқан

09.10.2020, 10:45 823

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының 55 жастағы тұрғыны «Қазақмыс» мекемесіне балаңды жұмысқа орналастырып беремін» деген желеумен қала тұрғынынан алаяқтық жолмен 7 миллионға жуық ақшасын алдап алған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша /алаяқтық/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарына алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары кепілдік кіріс уәделеріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: