Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқтық жасайтындардың дені – әйелдер

16.10.2020, 18:00 581 0

HALYQLINE.KZ Соңғы кездері алаяқтық сарныдағы оқиғалар тым жиілеп барады. Алаяқтықты жасаушылардың көбі – әйел кісілер. Әккілердің құрығына алдымен түсетіндердің қатарын да нәзік жандар құрайды.

14 қазан күні Қызылорда облыс орталығының тұрғыны танысы 1 жыл бұрын «банктен ірі мөлшерде несие алып беремін» деп 175 мың теңгесін алдап алғаны үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының 42 жастағы азаматша анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Алаяқтықтық негізгі принципі-өзі құрбан етіп отырған адамдарды алдау, сол арқылы ақша, мүлік, басқа да нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады. Олар адамның бір нәрсеге қызыға қарау, әуестік тәрізді психологиялық ерекшілігін ескеріп, соны пайдаланып кетеді. Осы ретте Қызылорда облысы Полиция департаменті тұрғындарды алаяқтардың арбауына алданып қалмауды сұрайды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: