Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяққа алданды

30.09.2020, 16:35 489

HALYQLINE.KZ

Қай қоғамды, қай кезеңді алсаңыз да, алаяқтық қылмысының кең етек жайып келгенін көруге болады. Десе де, қоғам бұл қылмыспен күресті ешқашан тоқтатқан емес. Құқық қорғау органдары өкілдері әрдайым алаяқтық қылмысының көбейіп бара жатқанын айтып, дабыл қаққанымен, «қамқор алаяқтардан» қауіп көп екенін сезінбейтіндер арамызда әлі де бар.

Бір мысал. Апта басында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны арызданған. Себеп сол, биылғы тамыз айында белгісіз әйел оның сеніміне кіріп, алдау жолымен 250 000 теңге көлеміндегі ақшасын алған. «Жұмысқа орналасуға көмек беремін» деп өз уәдесін орындамаған әккі әйел қашып жүрген көрінеді. Аталған басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру барысында күдікті ұсталған. Ол Қызылорда қаласының 29 жастағы тұрғыны екен.

Жасыратыны жоқ, соңғы кездері елімізде алаяқтық қылмыстары тым жиілеп барады және олардың басым бөлігі нәзік жандылар қатарынан екені өзекті өртейді.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: