Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяқ құрықталды

21.01.2021, 11:50 327

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына тағы бір алаяқтың құрбаны болған 1988 жылы туған қала тұрғыны арызданды. Белгісіз ер азамат «Тенгиз» газ-мұнай кен орнына жұмысқа тұрғызуға уәде беріп, 200 000 теңге ақшасын алдап алып кеткені жөнінде хабарлады. Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған ер азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу әлі де өз шешімін таппаған.

Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 1984 жылы туған қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе бөтеннің мүлкіне құқық алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қызылорда қалалық

Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: