Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік қызметкер ұрлық жасады

31.08.2021, 11:15 172 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған ауданы полиция бөліміне ауыл тұрғыны арызданған. Белгісіз біреу жатын бөлмедегі сөре ішінен алтын бұйымдарын, екі банк картасын ұрлап кеткенін көрсеткен. Тексеру барысында жәбірленуші үйінен алтын бұйымдарының және банк карталарының жоғалып кеткенін байқаған, содан соң оған банк есеп шотынан 53 мың теңге шешілгені туралы хабарлама келген. Содан соң ол полицияға жүгінген.​

Жалпы келтірілген залал 403 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті әйел анықталып, ұсталды. Ол осы ауылдың әлеуметтік қызметкері екені белгілі болып, оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына​ (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: