Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

60-тан аса жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

09.09.2020, 11:15 430

HALYQLINE.KZ Жергілікті полицияға жүктелген міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққан уақытта жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын жергілікті полиция қызметінің жұмысы екі есе көбейеді. Елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы және түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолы босаған уақытта жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді.

Бұл бағытта жыл басынан Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімімен түнгі мезгілде жүрген 61 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік шара көрілген.

Әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: