Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«102» мобильді қосымшасы көмекке келеді

03.03.2021, 16:00 489

HALYQLINE.KZ Жақында, атап айтқанда, 1 ақпаннан бастап түрлі құқықбұзушылықтарға шұғыл әрекет ету мақсатында азаматтарға арналған жаңа сервис – «102» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қазіргі заманғы және заманауи техникамен қамтамасыз етілген жедел басқару орталығында (ЖБО) үлкен мониторлар орналасқан. Осы мониторларда тәулік бойы нақты уақыт режимінде қала бойынша шоғырланған бейнебақылау камераларынан деректер көрсетіледі. Мониторлар арқылы ЖБО қызметкерлері қаладағы болып жатқан барлық әрекеттерді мұқият бақылайды.

Мұнда «102»мобильді қосымшасы арқылы аудио-видео қоңыраулары да келіп түседі.

Бүгінгі таңда, қосымша сәтті жұмыс істеуде және тұрғындардан 10 хабарлама келіп түсті. Олардың ішінде алаяқтық, тұрмыстық зорлық зомбылық және т.б. олардың ішінде бейне қоңырау арқылы – 4, аудио арқылы – 3 және смс хабарламалар – 3.

Мысалы, 25 ақпанда қала тұрғынынан қосымшаға хабарлама келіп түсті. Қала орталығындағы бір сауда үйінің алдында шамамен 60 жастағы әйелдің денсаулығы сыр беріп, жол ортасында құлаған. Жаяу жүргіншілердің бірі әйелді масаң күйде деп ойлап, полицейлерден шұғыл келуді сұрады. Оқиға орнына жедел топ уәкілдері жіберілді.

Нәтижесінде, полиция қызметкерлері бірден әйелге алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Қазіргі уақытта ол ауруханада емделуде. Туыстары полицейлерге жеделдігі үшін алғыс айтып, олардың қызметіне табыс тілеп, қосымшаның тиімділігін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: