Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1 шілдеде Қазақстан парламенті туралы заңның күші жойылады

08.05.2026, 11:45 56

HALYQLINE.KZ

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды. Бұл заң қабылданғаннан кейін парламент туралы заң күшін жояды.

Парламент депутаттары бұл заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр.

Заң қабылданып, күшіне енсе, парламент мәжілісіне енгізілген заң жобалары осы Конституциялық заңға және құрылтайдың регламентіне сәйкес қаралады.

«Заң жобасы биыл 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Сондай-ақ «ҚР парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы конституциялық заңның және «ҚР парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы заңның күші жойылады», — деді депутат Айдос Сарым.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 8 мамырда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр, онда президент, құрылтай және сайлау туралы конституциялық заңдар қаралуда.

Фото: senate.parlam.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: